Оқу құралы Казахстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің «Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына» сәйкес жазылды. Оқу құралында қан түзетін және иммундық жүйе ағзаларының қызметіне байланысты макро- және микроскопиялық құрылысы, қанмен жабдықталуы, нервтенуі, лимфа жүйесі, топографиялық ерекшеліктерімен бірге, дамуы және жас шамалық өзгешеліктері толық баяндалған.
Оқу құралы медицина университеттерінің студенттеріне, дәрігер-интерндерге, дәрігерлерге, гематологтарға, иммунологтарға, микробиологтарға, магистранттарға, резиденттерге және докторантарға арналған.