Оқулықта мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты »Жалпы медицин « мамандығы бойынша «Балалар аурулары» пәнінен қажетті бөлімдері берілген. Оқулықта тарихи мәселелер, балалар организмінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері, дене дамуын, нервтік-психикалық дамуын бағалау әдітері, мүшелер мен жүйелерді тексеру ерекшеліктері, балалар ауруларының этиологиясы, патогенезі, жіктелісі, клиникалық көріністері, ажырату диагнозы, емі, алдын алу мәселелері, балаларды тамақтандыру қарастырылған. Жедел жағдайларда шұғыл көмек көрсету бөлімі берілген, өзіндік бақылауға қажетті бөлімдерге сәйкес тестлер берілген.
Оқу құралы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігі 2006 жылы бекіткен Мемлекеттік жалпы білім беру стандартының жоғары мамандырылған білім 051301 – «Жалпы медицина» мамандығы «Балалар аурулары » пәні бойынша Типтік оқу бағдарламасына сәйкес құрастырылған. Оқулық ҚР медициналық жоғары оқу орындарының «Жалпы медицина» факультетінің студенттеріне арналған.